Мен үшін «Aq jol» газетінің орны ерекше. 1956-1960 жылдары ол кезде «Еңбек туы» аталатын газетке менің ауыл, мектеп өмірінен жазылған қысқа хабарларым, тырнақалды өлеңдерім жарияланды. Содан бастап осы күнге дейін қастер тұтар басылымым менің шығармашылығымды бір сәт назарынан тыс қалдырған емес.
Соңғы жиырма жыл көлемінде кәсіби тірлігіме байланысты республиканың көптеген аймақтарын сан мәрте аралаған жанмын. Әдетіме сай сол жақта шығатын басылымдарды зерделей қарап, танысып отырамын. Осы орайда айтарым, біздің «Aq jol» сыртқы ажар-көркімен де, ішкі мазмұн байлығымен де, сан алуан тақырыптарды қамту ерекшелігімен де оқ бойы озық, алда тұр деп айта аламын. Оқырмандардың көкейінде көлбең қаққан өзекті мәселелерді тамыршыдай дөп басып, соған орай жәдел әрекет жасайтындығы ұнайды. Экономика, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес тақырыптарын тарқатып жазумен де құнды. Саясат, мәдениет, білім, спорт тақырыптары да жүйелі берілуде. «Маздақ», «Айша бибі», «Ғылым-білім ғажайыптары», «Пырақ», «Шөкеңнің шошаласы» секілді арнайы беттер де қай жағынан болса да тартымды. Фототілші Ақәділ Рысмаханның жиі жарияланатын фотогалериясы «Aq jol»-дың ажарын айшықты етіп тұрады. Айналып келгенде, облысымыздың бас жаршысы, рухани қолбасшысы «Aq jol»-ға» жазылғаннан еш ұтылмаймыз деп батыл айта аламын.
Жаңатас қаласы.
Пернебай ДҮЙСЕНБИН. жазушы.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




