
Кітап – адамның жан азығы, рухани байлығы. Сондықтан кітап оқу, оны қаттап жинау мәдениеті биіктердің бір ісі.
Дегенмен ескірген немесе бір кітаптың әр жылдарда жарық көрген бірнеше данасы жиналып қалған адамдар оларды біреуге сыйға тартқысы келеді. Осыған орай облыстық «Aq jol» газетінің ұжымы тұрғындардан басы артық кітаптарды жинауды ұйғарып отыр. Осы акция аясында оқырмандарымыз өз үйлеріндегі артық, оқып қойған кітаптарын редакцияға әкеліп, тапсыра алады. Шара барысында жиналған кітаптар шалғай ауылдардағы мектептердің кітапханаларына тапсырылады. Ал редакцияға 10 кітап өткізген оқырмандарымыздың есімін фотосымен бірге газет бетіне жариялаймыз.
Хабарласу үшін тел: 43-17-07, 45-48-09, 43-15-26 Ұялы тел: 87782512595, 87783504963, 87078604758
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді