Облысымыздың құрылғанына 80 жыл толуына орай мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Жасампаз қала – Жамбылым!» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланған жиында туған өлкенің тарихы сөз болды. Атап айтсақ, облыстың құрылу кезеңі, археологиялық ескерткіштері, республикалық, облыстық маңызы бар тарихи-мәдени нысандар жайы айтылды. Қазіргі кездегі облыс тарихын зерттеп жүрген ғалымдар ұсынған дереккөздері мен мәліметтер талқыланды. Жаңа бағыт, тың ой айтқандар белгілі жазушы-мұрағаттанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Мақұлбек Рысдәулет, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі Елен Әлімжан, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы директорының орынбасары, тарихшы-археолог Сауран Қалиев болды. Жалпы конференцияға 130 ғалым, оқытушы-педагог қатысты. Іс-шара аясында жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-10-сынып оқушыларының жұмыстары топтастырылған «Туған жерім – Жамбылым» атты фото-көрме ұйымдастырылды.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




