басы артық кітаптарыңыз босқа жатпасын
Кітап – адамның жан азығы, рухани байлығы. Сондықтан кітап оқу, оны қаттап жинау мәдениеті биіктердің бір ісі.
Дегенмен ескірген немесе бір кітаптың әр жылдарда жарық көрген бірнеше данасы жиналып қалған адамдар оларды біреуге сыйға тартқысы келеді.
Осыған орай облыстық «Aq jol» газетінің ұжымы тұрғындардан басы артық кітаптарды жинауды ұйғарып отыр. Осы акция аясында оқырмандарымыз өз үйлеріндегі артық, оқып қойған кітаптарын редакцияға әкеліп, тапсыра алады. Шара барысында жиналған кітаптар шалғай ауылдардағы мектептердің кітапханаларына тапсырылады. Ал редакцияға 10 кітап өткізген оқырмандарымыздың есімін фотосымен бірге газет бетіне жариялаймыз.
Басы артық кітаптарыңызды
редакцияға әкеліп тапсыруға
асығыңыз, құрметті көпшілік!
Хабарласу үшін тел: 43-17-07, 45-48-09, 43-15-26
Ұялы тел: 87782512595, 87783504963, 87078604758
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




