«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ...»

«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ...»
ашық дереккөз
«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ...»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында және Жастар жылына орай, «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы көрермен назарына қазақтың ақиық ақыны, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерт Перизат Орынбекованың орындауындағы «Туған өлке» әнімен ашылды. Әділет Әбдікерім шырқаған «Сәби болғым келеді» әні жүректерге жетті. Сырлы да мұңды әндердің арасында экраннан Мұқағали ақынның өлеңдері оқылып тұрды. Оның өзі көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Бұл кеште композиторлар Тұрсынғазы Ахметов, Әбиірбек Тінәлі, Мұратхан Егінбаев, Табылды Досым, Лена Әбдіхалықова, Қанат Ыбырайымовтың сөзіне жазылған әндер орындалды. Мәселен, ҚР Мәдениет қайраткері Разия Мәдіханова «Ризамын», Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова «Есіңе мені алғайсың», Маралбек Бабақұлов «Әке», Мадина Сағымбекова «Ұнатамын мен сені», Ғани Мәтебаев «Аңғал досым» және «Марғұлан мен Сұлужан» дуэті «Құмған алған» әндерін шырқап, жұрттың көңілін серпілтіп тастады. Азамат Әлмерек, Қайсар Көкішев, Дәулет Махан өз өнерлерін ел назарына ұсынды. Айгүл Мақашеваның домбырамен орындаған «Дариға-ай, домбырамды берші маған» әні де жүректерден жол тапқаны анық. Концерттің жоғары деңгейде өтуіне «Алатау» фольклорлық ансамблі мен «Ақкербез» би ансамблі үлкен үлес қосты. Мұқағали өлеңдері туған халқының жүрегінде жатталып қалған. Сондықтан залдағы көрерменнің әншілермен бірге қосыла шырқауын заңдылық деп қабылдадық.  

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар