қаңтар-қыркүйек айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер байқалды
Биылғы тоғыз айда облыс экономикасының барлық салаларында оң нәтижелер байқалады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиынның күн тәртібіне бірқатар мәселелер қойылып, алдымен өңір тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасының қалай жүзеге асырылып жатқаны талқыланды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашов жоба аясындағы пилоттық он ауылдық округ бойынша бекітілген жұмыс алгоритмнің орындалуы туралы баяндады. Басқарма басшысы жобаға қатысушылардың өтінімдерін қабылдаудың күнделікті жоспары белгіленгенін айтып, осы бағытта қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бүгінде «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 1020 құжат өткізіліп, оның 947-сі қабылданған. 73 құжат қайта қаралуға жіберілген. Сондай-ақ сатып алынатын мал санының, тұқым мен тыңайтқыштың, жемшөптің жоспарлы көрсеткішіне құрылған кооперативтердің қажетті техникамен қалай қамтылғанына тоқталды. Асқар Исабекұлы Үкіметте бекітілген тиісті қаражаттың келер айдың басында түсетінін тілге тиек етіп, құжат қабылдау шараларын бірінші қарашаға дейін толығымен аяқталу керектігін ескертті. Ол бойынша жоспардан кешігуі бар аудандардың сылбыр жұмыстары сынға алынып, нақты тапсырмалар жүктелді. Облыс басшысы құрылған кооперативтердің техника базаларының орналасу аймағына көңіл бөліп, алдағы уақытта ауылдық округтер маңынан шағын қайта өңдеу зауыттарын салудың қаншалықты маңызды екеніне сала басшыларының назарын аударды. Ол бойынша жоспарлы жұмыстарды қазірден жүйелей беру керектігін баса айтты. Басқосудағы екінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол биыл қаңтар-қыркүйек айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер орын алып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, экономикалық өсім бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен 3,3 пайызды құраса, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Сол секілді өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,7, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі – 5, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 17,3, тұрғындардың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты 12,2 пайызға артқан. Өңір басшысы тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық дамуы Үкіметте оң бағаланғанын айтып, жыл соңына дейін осы жоғары серпінді сақтап тұруға барынша күш салу керектігін ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді