Cоңғы жылдары ауданда тұрғындарды таза да сапалы ауызсумен қамту жұмыстарына айрықша мән берілуде.
Былтыр ғана Ауқатты ауылының су-құбыр жүйесі жаңартылып, жаңа су кернеуші мұнара орнатылса, биыл Әлжан апа ауылының ауызсу мәселесі толықтай шешімін тапқалы отыр. Аудан әкімі Болатбек Байтөле Отар ауылдық округіне жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындар ауызсу мәселесін де көтерген болатын. Аудан басшысы осыған байланысты «Қордай су» КМК мекемесіне тиісінше тапсырмалар беріп, оны өз бақылауына да алған-ды. Көп күттірмей кеңестік кезеңде салынып, пайдалануға берілген көлемі 25 текше метрлік ескі су мұнарасы жанынан 50 текше метр су жинау әлеуетіне ие жаңасы орнатылды. 23 метр биіктіктегі сыйымдылық жоғары қысымда жұмыс істейді, тұтынушыларына да кедергісіз су жеткізеді. «Қордай су» КМК мекемесі мамандарының айтуынша, ендігі жерде тұрғындар суды тиімді пайдаланып, тек тұрмыстық қажеттіліктеріне ғана жаратса, елді мекен тәулік бойы үзіліссіз сумен қамтылатын болады. Ендігі кезекте отарлықтар есептегіш құралдарын орнатып, таяу арада аталған нысанды іске де қосқалы отыр. Қордай ауданы.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




