Биылғы меже – 35 000 тонна!
Ауданда қант қызылшасын жинау басталды. Тараз қант зауыты тәтті түбір тиелген ауыр жүк көліктерінің алғашқы легін қабылдады. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде осы дақыл түрін өсіруге басымдық беріліп те отыр.
Қостөбе ауылдық округіндегі «Зулуф-оглы» шаруа қожалығы өз өнімдерін қант зауытына алғашқылар қатарында өткізді. Қожалық басшысы Осман Зулуф-оглы өз иелігіндегі 55 гектар қызылша алқабының 15 гектарына тамшылатып суару технологиясын қолданған екен. Сондай-ақ алқаптың жайы үнемі бақылауда ұсталынып, уақтылы суару, түрлі тыңайтқыштарды беру, түбін қопсыту, арамшөптен тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде қызылша дақылы жайқала өсіп тұр. Жалпы, шаруаларға тұқым себуден бастап өнімді жинағанға дейінгі аралықта мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, көмек те аз емес.
Біз қант қызылшасы тиелген автокөлік керуеніне ілесіп Тараз қаласындағы қант зауытына да барып қайттық. Мұнда қаз-қатар сап түзеген ауыр жүк көліктері тәтті түбір өнімін кезегімен таразыға өлшетіп, арнайы орынға апарып аударып, төгіп жатты.
– Биыл 1207 гектар қант қызылшасының өнімі жиналады. Қант зауытына 35 мың тонна шамасында тәтті түбір өткізу жоспарланған. Алғашқы болып өнім өткізген «Зулуф-оглы» шаруа қожалығы әр гектардан 600 центнерден өнім алудан үмітті, – деді бізге аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков.
Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
журналист.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді