Облыс әкімінің қолдау көрсетуімен облыстың құрылғанына 80 жыл толуына орай «Жер дауыстары» атты деректі көріністер түсіру облыстық «Кино орталығы» мекемесіне тапсырылған екен. Осыған орай аталған мекеменің директоры Ерлан Өтебаевты сөзге тартқан едік.
– Ерлан Абылханұлы, облыстың 80 жылдығына орай сіздерге тапсырылған міндеттің орындалу барысы қалай? – «Жер дауыстары» тақырыбымен аудан, ауылдарды аралап, деректі көріністерді түсіруді аяқтап қалдық. Түсіру тобымыз бірнеше ауданда болды. Атап айтқанда, аталған топтың режиссері Дәурен Қамшыбаев, дыбыс режиссері Иннокентий Пак, опаратор Стас Гольцев, көмекші оператор Мадияр Құрманбаев, екінші камерада Азамат Хабибуллаев еңбек етуде. Оларға ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан өңірдің қарапайым адамдарының өмірі мен табиғат ерекшеліктерін түсіру тапсырылған. Бір сөзбен айтқанда мамандар түсірген көріністер «Жамбыл облысының ерекшелігі қандай?» деген сауалға толыққанды жауап беруі тиіс. Жақында сол түсіру тобымыз аудандардағы жұмыстарын аяқтап оралады. Сосын облыс тынысы жайлы деректі фильм дайындалады. – «Кино орталығы» мекемесінің алдағы мақсаттары қандай? – Әлеуметтік жобалар аясында суицид, нашақорлыққа қарсы күрес, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, спортпен шұғылдануға үгіттеу мақсатында бейнероликтер, қысқа метражды фильмдер түсіру көзделген. Аудандарда шағын кино театрлар ашуды назарға алып отырмыз. Олардың түсірілім павильондары болады. Кино әлемінде халықаралық әріптестік байланысты нығайту жолында жұмыс жанданбақшы. Нигерияның «Asaba», америкалық «HOLLYWOOD» фильм академияларымен байланыс жасаймыз деп отырмыз. Өңір мәдениетіне жаңашылдықпен үлес қосамыз. Сондай-ақ бізде екі жылдан бері «Тараз фильм» кино мектебі ашылған. Ол жерде де Дәурен Қамшыбаев, Азамат Дулатов, Сабина Түсіпова секілді білікті мамандар дәріс береді. Ерлан Өтепбергенов, Медет Шаяхметов, Дәурен Шураев та өз ісінің шеберлері. Сондықтан облыстың кино саласында біраз нәтижелі жұмыстардың жүзеге асатынына сенімдімін. – Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді