Көлік басып кеткен бала тірі қалды (видео)
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзинин қаласында көшеде ойнап отырған алты жасар баланы жол талғамайтын көліп басып кетті. Бұл жайтты бейнебақылау камералары таспаға жазып алған. Таспадан көліктің бір сәтке болса да тоқтамағанын анық көруге болады. Ал, сәбиді періштелері қақса керек, ол мүлдем жарақат та алмаған.
Видеоны көрген баланың атасы көз жасына ерік берді. Ол болған жайтты өзінің аңғалдығынан көріп отыр. "Сәл болмағанда немеремнен айрылып қала жаздадым" дейді ол.
Айта кетейік, көліктің астында қалған сәбидің тек беті мен аяғы жырылған. Басқа мүшелерінің барлығы сау. Тәртіп сақшылары көлік иесін артынша қолға түсірген. Ол жолда отырған баланы көрмей қалғандығын айтып ақталыпты.
Ақпарат көзі: news.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




