Елімізде қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реформалау жалғасуда. Бүгінде есептіліктер «е-Қаржымині» ақпараттық жүйесінде қалыптастырыла бастады. Осыған байланысты жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде есептілікті қалыптастыру кезеңінде әртүрлі мәселелер туындап, есептілікті ақпараттық жүйеге енгізу (АЖ) проблемасына алып келді. Осыған орай Қаржы министрлігінің мамандары өңірлерге шығып, ондағы мамандарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша әдістемелік көмек көрсетуді қолға алып отыр. Министрліктен келген жұмыс тобы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңірдің қаржыгерлері және бухгалтерлерімен кездесіп, келелі жиын өткізді. Семинарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, алғашқы сөзді Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Есенғалиеваға берді. Гүлнәр Қойшыбайқызы бухгалтерлік қызмет мамандарына есептілік үдерістерінің ашықтығы, қаржылық есептілікті жасау және мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың барысын талдай отырып, оның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ семинар қатысушыларына жоғарыда аталған департаменттің бас сарапшысы Әзиза Әкімова, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сарапшы Ақтоты Жұмағалиева, облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева өз салалары бойынша түсінік берді. Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап беріп, әріптестерімен еркін форматта тәжірибе алмасты.
Тараз қаласы.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




