Жаңарған шаһардағы «Jastar aleıasy» жан сергітер орынға айналды
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2019
- 237
Тарихтан тамыр тартқан Тараз қаласы уақыт өткен сайын құлпырып келеді. Әсіресе соңғы уақыттағы ғажайып өзгерістерді ел-жұрттың, халықтың көрмеуі, байқамауы әсте мүмкін емес. «Жасыл қала» атанған шаһар бүгінде түрлі керемет демалыс орындарымен толықты. Олардың қатарында «Jastar aleıasy» да бар. Бұл аллея – облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өңір тұрғындарына жасаған тамаша тартуы. «Әкім бол, халыққа жақын бол» деген сөзді берік ұстанған Асқар Исабекұлы жұрт бой сергітетін саябақтармен шаһардың ажарын құлпырта түскені мәлім.Әз-Наурыз мерекесінде ашылған «Jastar aleıasy» бүгінде қала тұрғындары мен қонақтардың жиі атбасын бұратын, сергитін, демалатын орнына айналғаны ақиқат. Аллеяның ұзындығы 840 метр болса, жалпы аумағы 6 гектар көлемін алып жатыр. Мұндағы LED экран арқылы ашық аспан астындағы сахна төрінде түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ажары ашыла түсетіні баршаға аян. Аллеядағы «Uly Dala ulandary», «Bilim alańy», «Jastar qabilet ortalyǵy», «Kitap» ескерткіші, «Sahna» алаңшасы әдемі архитектуралық шешімдер арқылы жарысым тауып тұр. Бұл жобалар облыстық қала құрылыс кеңесінде ойластырылған. Жергілікті мердігерлер өздерінің үлестерін қосқан.
Мұндағы «Jastar» қабілет орталығында жастар үшін ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға барлық мүмкіндік жасалған. Таяу тұстағы бірқатар орта арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің ғаламтор арқылы өздеріне қажетті ақпараттар іздестіріп тауып, оқу үрдісіне пайдалануына мүмкіндік жеткілікті. Бірегей жобаның жобалық құны 47 миллион теңгені құрайды. Оның жалпы аумағы – 288 шаршы метр. «Орталықта 16 адамға арналған коворкинг залы мен 40 адамға арналған асхана жұмыс істейді. Коворкинг залында 8 ноутбук қойылған. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген. Студенттер кітап сөрелерінен қажетті кітаптарын алып, курстық жұмыстарын, рефераттарын жаза алады. Жастар жылына орай жастарды қолдау мақсатында бой көтерген орталық олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлкен әсерін тигізеді», – дейді ІT маманы Нұрсұлтан Тұрысбек. «Bilim alańy»-нда сан түрлі іс-шаралармен қатар ақын-жазушылардың оқуларын өткізу, түрлі интелектуалды пікір-сайыстар ұйымдастыру үрдіске айналады деп жоспарланғаны есте. Қаламгерлермен өткен бірқатар кездесулердің де куәсі болып үлгердік. Сондай-ақ жаңадан ашылған «Kitap», «Uly Dala ulandary» стелалары да аллеяның ажарын арттырып, маңызын үстемелеп тұр. Айта кетейік, аллея аумағындағы тал-дарақтар күзеліп, егіліп, ретке келтіріліп, тұтастай заманауи жарықтандырылумен қамтылған. Жаңадан әсем ағаштар отырғызылған. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген заманауи орындықтар да аллеяның ажарын аша түскені сөзсіз. «Jastar aleıasy»-ның бір бөлігін алып жатқан «Махаббат» бұрышы да жаңаша кейіпке енген. Онда өзара айқасып жатқан қос неке сақинасы іспетті төрт заманауи субұрқақтар орнатылып, ортасына аққу құсы бейнеленген композиция қойылған. Осынау аллеядағы әдемі жобаларда қанатты сөздер де жазылған. «Ұлы Даланың елі мен жерін сүйген, тарихы мен салт-дәстүрін ардақтаған, ар-намысы мен адал махаббатты ту еткен ұл-қыздарына арналады» деген сөзден елге, сезімге деген беріктікті жоғалтпау қажеттігін түйсінеміз. Сондай-ақ «Кітап» стелласындағы «Кітап – білім бұлағы», әл-Фарабидің «Шын білім – ақиқат, анық білім» секілді сөздері жүрекке жылылық ұялатады. Риза боласың. Сүлейменов көшесіне сән берген «Jastar aleıasy» – жастың да, жасамыстың да демалатын орны, айшықты серуен алаңы, ортақ олжасы. Мұндағы құлпыра өскен гүлдер жаныңды нұрландырып жіберетіндей. Бір сөзбен айтқанда аллеяның аурасы адам жанының емшісі іспетті. «Jastar aleıasy» – көрген көзге керемет пейзаж. Мұндағы тірі табиғат, жұпар ауа, өзіне шақырып тұр. Аллеяның сұлулығы алыстан көзді арбайды. Асқар Мырзахметовтің бұл еңбегін жергілікті жұртшылық ешқашан ұмытпасы анық.
Тараз қаласы.
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді