«Жамбыл – адалдық алаңында» бұл жолы облыс аумағындағы жол жөндеу мәселелері қаралып, талқыланды. Осы салаға қатысы бар облыстық басқарма, қалалық бөлім және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» өкілдері қатысқан жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ашып, жүргізіп отырды. – Бұған дейін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдарға және Тараз қаласындағы жоласты жөндеуден кейінгі жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жасаған болатын. Бүгін осы мақсатта біраз мәселелер талқыланады, – деді Равиль Қуанышбайұлы. Бұдан кейін хабарлама жасаған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов облыс орталығында жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік ұйымдардың жұмысына байланысты тұрғындар әлеуметтік желіде көптеген кереғар пікірлер жазып жатқандығын тілге тиек етіп, мониторингілеу ісін жүзеге асырған жұмыс тобының ескертпелеріне де тоқталып өтті.
Ерман Әбдиев
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




