«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Электр қуатын үнемдеу оның Жарақтандырылу сапасына да байланысты

Электр қуатын үнемдеу оның Жарақтандырылу сапасына да байланысты
ашық дереккөз
Электр қуатын үнемдеу оның Жарақтандырылу сапасына да байланысты

Ерман ӘБДИЕВ

Дүниежүзілік «Банктің Doing Business» 2018 жылға арналған есебінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 75-орында екені көрсетілген. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Әзірбайжан, Болгария, Қытай, Канада, Қырғыз, Украина сынды елдерді артқа тастап отыр.

Соңғы жылдары Энергетика министрлігі тарапынан электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үдерістерін оңтайландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістері жөнінде электр энергетикасы саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті басшысының міндетін атқарушы Төкен Жұманқұлдың айтуынша, соған байланысты бірқатар рұқсат алу үдерісі жойылған. Сондай-ақ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру, электрмен жабдықтаушы ұйыммен электр жабдықтауға шарт жасасу мерзімдері де қысқартылып отыр. Осы және өзге де мәселелер мекемеде өткен жиында қозғалды. Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 9 шілдесіндегі №272 «Табиғи монополиялар» туралы Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілуіне байланысты, қазіргі таңда техникалық шарттарды 5 жұмыс күні ішінде беру белгіленген. Егер электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мұның соңы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік нысандарына тиісінше 25, 50 және 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ электр және жылу желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан немесе техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда да ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған. Бүгінгі таңда облыс бойынша электр энергиясын өндіруші және таратушы мекемелер қондырғыларының тозу көрсеткіші 72 пайызды құрағаны анықталған. Соған қарамастан электр қондырғыларын жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеулер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында 2017 жылы электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімді көрсеткіштері қалыптасып отыр. Ұлт жоспарының 51-қадамында, өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру көзделгені де белгілі. «Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының төлем ақысын азайтады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің реестрінде облыс бойынша 3 электр энергиясын таратушы мекеме тіркелген. Олар – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, «Құлан-тазалық» МКК және «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ. Осындай ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке, оның ішінде диспетчерлік технологиялық басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау бойынша «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС қызметі талапқа сәйкес екендігі анықталды. Ал «Құлан-тазалық» МКК бойынша атқарылатын жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар қадағалайды. Сондай-ақ «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына ішінара тексеру жүргізу барысында диспетчерлік технологиялық басқаруға қойылатын талаптарға сәйкессіздігі анықталып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге нұсқама берілді және айыппұл салынды. Нәтижесінде «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаментінің реестрінен электр энергиясын таратушы мекеме ретінде алынып тасталды. Сонымен қатар көрші жатқан Түркістан облысына тіркелгенмен, біздің облысымызда жұмыс атқарып жатқан электр энергиясын таратушы «Велес», «Энтальпия» ЖШС-ларына да осындай шаралар қолдану жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуде», – дейді атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті басшысының міндетін атқарушы Төкен Жұманқұл.

Ұқсас жаңалықтар