Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық тілдерді оқыту орталығында латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйрететін Qazalipbi.kz онлайн бағдарламасын түсіндіру мақсатында іс-шара өтті. Бұл басқосу «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетінде Ашық есік күні аясында ұйымдастырылды. Жиынға облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері шақырылды. Оларға тәжірибелі маман Перизат Маханова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін жан-жақты түсіндірді. Сабақ барысында күзет қызметкерлері өздері түсіне алмай жүрген бірқатар мәселелердің жауабын тапты. Тіл маманы оларға жаңа әліпби ережелерін тез меңгерген сайын мемлекеттің тіл саясатын қолдауға үлес қоса түсетіндерін жеткізді. Біз өз кезегімізде мекеме басшысын сөзге тартқан едік. «Астанадағы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ғылыми практикалық орталығында 78 сағаттық тренерлік тәжірибе сабағынан 10 қызметкеріміз өтті. Сондай арнайы сертификат алған маманымыздың бірі – Перизат Маханова. Алдағы уақытта тренерлік тәжірибеден өткен басқа да мамандарымызға осындай жұмыстарды жүктейтін боламыз. Мақсатымыз – 2025 жылды күтіп жүрмей, көпшілікке ертерек жаңа әліпбиді меңгертіп, ұғындыру», – дейді облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




