Білім
Оқулық сатып алуға жергiлiктi бюджеттерден 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлiнді
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2014
- 766
Оқулық сатып алуға жергiлiктi бюджеттерден 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлiнді
Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттерден 8,3 млрд теңге қаржы бөлiнген. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдедi.
«Оқушыларды оқулықтармен жабдықтау бойынша жұмыс жүргiзiліп жатыр. Бұл мәселенiң көпшiлiк назарында екенi белгiлi. Бұл ретте қалыптасқан стандарттар мен саясатқа жауап беретiн министрлiк ретiнде бiз оқушылардың 100% оқулықтармен қамтамсыз етiлуiне күш салып жатырмыз. Оны iске асыруға облыстар жауап бередi», – дейдi А.Сәрiнжiпов.
Оның айтуынша, Бiлiм және ғылым министрлiгi аталған бағытта жиналыстар өткiзiп, облыстардың берген есептерiне сәйкес оқушылар түгелдей дерлiк оқулықтармен қамтамасыз етiледі.
«Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола облыстарының кейбiр аудан мектептерiнде бiрқатар мәселелер туындаған болатын, дегенмен, оны назардан тыс қалдырмадық. Облыс деңгейiнде бұл мәселе шешiлiп, оған қажеттi қаржы бөлiнеді. Оқулықтар жергiлiкті бюджет есебiнен алынады. Кiтапханалар қорындағы оқулықтарды есепке алмағанда, жергiлiктi бюджеттерден жаңа оқулықтарды сатып алуға елiмiз бойынша 8,3 млрд теңге бөлiндi. Бұл барлық жергiлiктi бюджеттердi есепке алғанда аталған қомақты қаржы және өңiрлердiң басым бөлiгi 100% оқулықпен қамтылған», – дейді министр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




