Білім
Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2014
- 701
Г.Әбдіқалықова: Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады
Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау заңмен реттелетін болады. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
«Ауылдық жерлерде білім беруді дамытуға, тірек ауылдарда интернаттарды қайта құру арқылы шағын жиынтықты мектептердің материалдық-техникалық базасын және кадрлық құрамын нығайтуға ерекше назар аудару қажет», - деді ол.
Сондай-ақ вице-премьер мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламасы, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі жаңартылу үстінде екендігін атап өтті.
«Мектепке дейінгі ұйымдарды жергілікті деңгейде оқу-әдістемелік материалдармен жабдықтау мәселесін заңмен реттеу жоспарлануда. Заң жобасы 2014 жылдың құыркүйегінде Парламентке енгізіледі», - деді Г.Әбдіқалықова.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




