Республикада бүгінде апатты жағдайдағы 176 мектеп тіркелді
Апатты мектептің басым бөлігі ОҚО мен ШҚО-да. Бұл туралы білім қызметкерлерінің республикалық Тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
"Мектеп инфрақұрылымын дамыту бағытында 2013 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жобалық қуаттылығы 43 мың орынға арналған 124 жалпы білім беру мектептері іске қосылды. Алайда республикада бүгінде 176 апатты жағдайдағы мектептер бар", - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, ескі мектептердің көбісі ОҚО-да (48), ШҚО-да (36), Қызылорда облысында (25), Жамбыл облысында (21), Атырау облысында (17) тіркелген. Атап айтқанда, оқушылар орындарының тапшылығы 70 мыңды құрап отыр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




