Қазақстанның ғаламтор арқылы қытайлық тауарларды сатып алу көрсеткіші артып келеді
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2014
- 526
Бүгінде Қытайдан Қазақстанға жіберілетін сәлем-сауқаттардың көрсеткіші үш есеге өсіп отыр. Қытай Халық Республикасының ұлттық пошта қызметі өкілдерімен кездескен "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин осы мәселені ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтар Қытайдың интернет-дүкендерін жиі аралап, өздеріне қажетті тауарларды сатып алады. Сондықтан пошта қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту қажет. Әсіресе, сәлем-сауқаттарды жеткізу мерзімдерін барынша қысқартқан жөн.
"Қазіргі кезде интернет-сауда шапшаң дамып келеді. Оның ішінде Қытайдың интернет-дүкендері сату көлемі жағынан әлем бойынша көш бастап келеді. Мәселен, өткен жылы ҚХР-Қазақстан бағытында жіберілген сәлем-сауқаттардың көлемі үш есеге өсті. Бізде ол барлық халықаралық бағыттарды артқа тастап, бірінші орында тұр", - дейді Мусин.
Кездесу кезінде халықаралық пошта айырбасы мен арнайы терминалды ашу мәселесі де талқыға салынды. Оны "Қорғас" халықаралық ынтымақтастық орталығы территориясында құру жоспарланып отыр. Соның арқасында интернет-дүкендер өз қоймаларын ашып, сәлем-сауқаттарды жедел жеткізе алады.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




