Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 2015 жылы бекітіледі
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2014
- 728
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексін 2016 жылдың 1 қаңтарына іске қосу үшін 2015 жылы бекіту жоспарлануда, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл туралы Брестіде Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет отырысының қорытындылары бойынша ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.
«Бұл қазіргі қолданыстағы Кеден кодексіне түзетулер емес, оның жаңа редакциясы. Қазір ЕЭК үш елдің мүдделі ведомстволарымен бірге жаңа редакция жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде, Кеден кодексін келесі жылы бекітіп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан оны іске қосу күтілуде», - деп атап өтті Т.Сүлейменов.
Оның айтуынша, ЕАЭО Кеден кодексінің жобасындағы жаңалықтар бірнеше позицияға қатысты. Атап айтқанда, өкіллетті экономикалық операторларды өзара тану, келешекте құжаттарды кедендік декларациялауда Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін қуаттауды алып тастау, бір терезе тетігін дамытуға бағытталған шаралар және басқа қағидалар көзделеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




