Әдебиет
“Періште боп кеше алмадым ғұмырды, Кешіріңдер, кінәсі жоқ адамдар!”»
- author «Ақ жол»
- 22 тамыз, 2014
- 246
“Періште боп кеше алмадым ғұмырды, Кешіріңдер, кінәсі жоқ адамдар!”»
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Көрсететін құқайларың аз ба әлі... Саған артық бола алмадым мың гүлден,
Жалын ба едің күйдіретін от па едің?!
Жүрегімді дертке малып жүр мүлдем,
Жалғыздыққа мені қиып кеткенің.
Сұм уақытты дауа дедің, ем дедің,
Кәні менің жан жарамды жазғаны?!
Жырға тұнған тұмсадайын өрлі ерім,
Көрсететін құқайларың аз ба әлі?
Сені ғана санағанмын жайсаң ер,
Баспас дейсің бал ғұмырда жаза кім?
Көрсетемін көрер сәулем болса егер,
Маған ауған аңсарыңның азабын.
Сезім асау жүрекке жыр жыйса да,
Еңсе тіпті жүз биіктен құлайды.
Сендейлердің мыңы қайта туса да,
Маған осы жалғыздығым ұнайды!!! Шер Армандары ақиқатшыл адаммын,
Тірлігіме тіркестерім өң берер.
Көк сиясын көп іздедім қаламның,
Кешіріңдер, көңілі кең пенделер!
Жүрегімнің наз үніне желіктім,
Кесір ойдың табанына шоқ басып.
Есебі жоқ ессіздікке еліппін,
Мұң жамылған түндеріммен қоштасып.
Күзді баққан, күз құмартқан ару ем,
Тізе бүктім тірлігімнің ығына.
Жүрегіме дәруіш жыр жазып ем,
Бұла таңым жарытпады нұрына.
Сына мейлі, шыдау ғана шын демеу,
Өмірімнің өзегі жыр ендігі,
Өтіп жатыр бал татыған күн дереу,
Тайып талай таразымның теңдігі.
Жердің күші уақытпенен өлшенер,
Ғасырдың да ғаламға айтар назы бар.
Жырмын десем, дастан болар кім сенер?
Өміріме бар ма әділ қазылар?!
Көп үмітім бағын күтпей үзілді,
Тағдырымды Тәңір ғана бағамдар,
Періште боп кеше алмадым ғұмырды,
Кешіріңдер, кінәсі жоқ адамдар!
Саған менсіз қалғандығың сор емес... Көздеріңе ынтық еткен көп елес,
Сағыныштың үдей берер қуаты.
Саған менсіз қалғандығың сор емес,
Менің сенсіз қалғандығым сорақы.
Үмітімнің өшпесіне кім кепіл,
Қуатынан күдер үзгем уақыттың.
Мен тап болдым мағынасыз күнге кіл,
Сен іргесін іздегенде бақыттың.
Бар көргенім кейде ізгі балдай түс,
Кездесудің қашан мәнін ұғып ек.
Мені саған кездестірген қандай күш?
Сені менен айырған қай құдірет!?
Жеті жұлдыз жымыңдаса аспанда,
Жер дүние кететұғын ырғалып.
Саған арнап өлмес өлең бастарда,
Маған мезет қарамадың нұрланып.
Жыл өтсе де жазылмайтын жарам- ай,
Жалғыздықты алар ма екен көңіл құп?!
Мені ойламау болса дағы тым оңай,
Сені ұмыту маған азап өмірлік.
Жанарыңды ынтық еткен көп елес,
Жылдар сайын үдей берер қуаты.
Саған менсіз қалғандығың сор емес,
Менің сенсіз қалғандығым сорақы!
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді