Бүгін "Ақтөбе" "Легиямен" кездеседі
http://youtu.be/nx8m-JbiM74
«Ақтөбе» бүгін варшавалық «Легиямен» ойнайды. Еуропа Лигасының плей-офф раундының бірінші ойнындағы кездесу Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді. Жергілікті команда жеңіске жететіндеріне сенімді. Тіпті, аймақтағы аптап ыстықтың өзі ақтөбеліктер үшін қолайлы болмақ. «Варшавада ауа-райы салқындау болады. Сондықтан қазіргі ыстық бізге пайдасын да тигізіп қалар», - дейді «Ақтөбе» командасының қақпашысы Андрей Сидельников.
«Қарсыласымыздың осал емес екенін білеміз. Өте ұйымшыл, қай жағынан алсаң да бір тәртіпке бағынған команда. Десе де, әр команданың әлсіз тұсы болады. Сондықтан «Легиямен» ойында жақсы ойын көрсетіп, шабуылда белсенділік танытамыз. Ертерек гол соғуға тырысып, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бізге бұрын ойын басында аздап кемшіліктер болды. Ол «Динамо» (Тбилиси) және «Стяуамен» кездесу кезінде байқалды. Ол қателіктерге жол бермейтін боламыз», - дейді «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев.
«Лигияны» УЕФА чемпиондар лигасынан шығарып тастаған болатын. Бұған карамасатан варшавалық команда бүгінгі кездесуге толық әзір екенін айтады.
«Қолайсыз жағдайдың орын алғаны белгілі. Енді бар күшімізді Еуропа Лигасында саламыз. «Ақтөбемен» алда екі мықты кездесу бар. Себебі осал команда емес. Біздің мақсатымыз Еуропа Лигасының ойындарына әрі қарай өту. Біз УЕФА шешімімен келіспейміз. Дегенмен оған қарамастан бүгінгі ойынға психологиялық жағынан әзірміз», - дейді «Легия» бапкері Хеннинг Берг.
Ақсұңқар АЗАТ,
видео автордікі
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ билігіне Трамп қайта келді: Алдағы ахуал қандай болмақ?
- 11 қараша, 2024
Аймақ намысын қырық палуан қорғамақ
- 11 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді