Мәдениет
Таразда «Евразия» циркі балаларға қайырымдылық кешін ұйымдастырды
- author «Ақ жол»
- 21 тамыз, 2014
- 821
Таразда «Евразия» циркі балаларға қайырымдылық кешін ұйымдастырды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Таразда «Евразия» циркі мүгедек, ата-аналарының қамқорылығынсыз қалған, тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері үшін тегін өнер көрсетті.
«Цирк ұжымы «Астанадан - зор махаббатпен» деп аталатын жаңа бағдарламасын ұсынды, - деді Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Ирина Кислова - тараздық бүлдіршіндер таңғажайып цирк өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды».
Цирк өнерінің бағдарламасында әуе гимнасттары, акробаттар, арқан үстімен жүретіндер, сайқымазақтар, бишілер және т.б. болды.
«Қазақстан Туымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипімен шыққан белгілі Күнғожиновтар әулетінің шабандоздары кішкентай көрермендердің зор қошеметіне бөленді», - дейді И.Кислова.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




