
Облыстағы барлық жер көлемінің аумағы бүгінде 14 миллион 426 мың гектарды құраса, оның ішінде 547,4 мың гектар ауылшаруашылығы жері пайдаланусыз жатыр. 6277,8 гектар жер бүлінген. Игерілмеген егістік жерлер 169,2 мың гектарға жетті. Саяжайлар үшін бөлінген 1122,3 гектар жердің де 438,9 гектары бос жатыр. Бұл жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Молдабай Бердібек журналистермен өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Тиісті шара қолданылғаннан кейін кәдеге аспай жатқан жердің 456,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. 196 мың гектарды құрайтын 1363 жер учаскесінің құжаттары жер инспекциясына жолданған. Сонымен қатар, 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында алынған учаскелердің 5064-і игерусіз жатқаны және заңсыз пайдаланылып отырғаны анықталған. Соның 2182 жер телімі мемлекетке қайтарылған. Ал 2882-сінің құжаттары Жер инспекциясына жөнелтілген. Алысқа ұзамай-ақ, көршілес елдерге көз тігер болсақ, азаматтары ұлтарақтай жерге жетуді армандауда. Ал бізде бір ғана облыс бойынша сан мыңдаған алқап игерілмей, иесіз жатыр. Бұл дала төсін еміп өсуге ерінгендік пе, әлде жерді сатып алғаннан кейін оған қандай да бір нысан тұрғызуға немесе шаруашылығын жүргізуге қаржы мен техника жетіспеушілігі себеп пе, белгісіз. Қалай дегенмен де, қолда барда алтынның қадірін білген жөн.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақшаң болса акция сатып ал
- 26 маусым, 2025
Бюджетті тиімді игеру жағынан алдыңғы орындамыз
- 26 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді