«Аспандағы айқасқа аттанған екенсің ғой»
Көбіне үйге «көңілденіп» келіп жүрген Есекеңе (ақын Ескермес Ескендіров) деген іштей наразылығын зайыбы Тамара суықтау қабақпен сездіреді. Диван үстінде шалқайып, бір кішігірім кітапты парақтап Есекең жатады.
Арада үнсіздік болғанмен, жүйкені жұқартатындай ауан бар екенін сезген Есекең бір жөткірініп қойып:
– «Аспандағы айқас» деген кітапты оқып жатырмын, – депті мұқабадағы түтіндеп төменге құлап бара жатқан неміс самолеті мен жұлдызды совет самолеті салынған суретті көрсетіп.
Сол кезде іштей ширығып тұрған Тамара: – Е, онда дұрыс болыпты, жердегі шайқастан шаршаған соң, енді аспандағы айқасқа аттанған екенсің ғой, – деген екен.
Пернебай Дүйсенбин.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




