Ұлы адамдар өмірінен

Ұлы адамдар өмірінен
ашық дереккөз
Ұлы адамдар өмірінен
Мұхтар мен министр Мұхтар Әуезовпен әзілдескісі кеп, жанаса беретін финанс министрі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес сессиясында баяндама жасапты. Үзіліс кезінде бір топ депутат жазушыны ортаға алып, үйіріле қалады. Министр топқа таяна беріп: – Мұха, менің баяндамам қалай шықты? – деп сұрапты. – Ел сенен ақыл сұрар дейсің бе? Ақшаңды берсең болды да, – депті Мұхаң. Хизметтің жауабы Ғабит Мүсірепов бір жылы қаламгер Хизмет Абдуллинді Мәскеуге, М. Горький атындағы әдебиет институтының жанындағы екі жылдық әдеби курсқа оқуға жібереді. Көп кешікпей екі ай өтер-өтпестен Хизмет Алматыға қайтып оралады. Ғабит: – Хизмет, мен саған сеніп жіберсем, мұның қалай енді?.. Оқысаң нетті?! – деп қатты кейіпті. Сонда Хизмет: – О, Ғабе, ұрыспаңыз. Басқалар екі жыл оқыған оқуды мен екі айда бітіріп келдім, – деген екен. Фамилиясыз Қажымұқан Бірде әйгілі палуан Қажымұқанға паспорт ауыстыру керек болады. Паспорт столындағы қыз Қажекеңнен фамилиясын сұрайды. Сонда Қажекең: – Шырағым, бұл дүниеде екеуде ғана фамилия жоқ: бірі – Тәңірі, екіншісі – әлемнің алты рет чемпионы болған Қажымұқан – деген екен. Сәкеннің әзілі Сәкен Сейфуллиннің Алматыдағы үйіне елден әкесі Сейфулла келіп жатады. Бірде Сәбит келіп Сәкенге қол беріп амандасады да, Сейфуллаға қол бермейді. Сонда Сейфулла: – Шырағым Сәбит! Өзіңді көрмесем де атыңа қанық едім, менің қолымды неге алмайсың? – дейді. – Әке-ау, көңіліңізге алмай-ақ қойыңыз, біздің Сәбит бай-құлақтарға сәлем бермейді, – деп Сәкен әзіл айтқан екен.  

Ұқсас жаңалықтар