Құбыжық
Ауылдағы көрші жеңгей,
Есіктен кірді сөйлей:
– Ойпырмай!
Мен бүгін қаладан
Қос құбыжық көрдім!
Көрдім де жағамды ұстай бердім.
– Құбыжығы несі? – деп,
Біз де қарай қалдық есінеп.
– Құбыжық болғанда,
Түрлеріне қарасам,
Аямай беттерін, қастарын,
көздерін, шаштарын
Түрлі түске бояған.
Кәдімгі адам, қыз-келіншектер!
Түлкідей ыржақтауларына қарағанда,
Көздері ойнаған
Елестеді көзіме көңілшектер!
Тұрпаты адамға келгенмен,
Үстіне ілгендері тұрпайы!
Дерсің «бұл қай сұмпайы?».
– Соншама не бүлдіріпті?
– Көрсең өзің де таң болар ең,
Бел айнала шынжыр!
Жүрсе қағар сыңғыр.
Үлкен-кішілі біраз кілтті
Салдыратып іліпті.
Танауының екі жағына
Жылтырақ бірдеме таққан.
Ойпырмай,
Не деген бұл көксоққан!
Төстері ашық,
Жасырмаған!
О жер, бұ жері,
Жарқыраған!
Іштері де көрініп тұр,
Күн қаққан ба
Қап-қара
Сосын...
Іркілдеп, белдіктен асып тұр.
Ал, кіндікке
Жылтырақ сырға таққан.
Ессіздерді еліктірген,
Қашан құрыр екен,
Бұл – қақпан!
Нұрмахан ТІЛЕГЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Теңге бағамы қашан тұрақталады?
- 9 қаңтар, 2025
Аймақта мыңнан аса көлік қар құрсауында қалған
- 9 қаңтар, 2025
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді