Қандай ана өз перзентінің жетістігіне қуанбайды дейсің. Жасы сексеннен асқан Тоқбикенің бүгін төбесі көкке төрт-ақ елі жетпей отыр. Көз алдында бір күнде тұлғаланып кеткен ұлына қарап мәз болуда. Дастархан басында отырғандардың әрбірі: «Оу, Қыреке, сен үшін ғой бәрі, қане, денсаулық үшін алып қой», – деп қолпаштап сөйлеген сайын орнынан тұрып кете жаздап, маңғазданып қалады. Қырықбай төрт қырлы стаканды басына бір-ақ көтеріп, үстелге еңкейіп, бір үзім нан алып, мұрнына тақап, құшырлана иіскеді. Осы сәтте бағанадан бері үнсіз отырған шешесі шыдай алмай: «Ой, балам, төменірек, ол мұрын ғой», – деді сыбырлай. Қайран қарт ана «ақаңды» ішіп алғандар «тіскебасарды» аузына апармас бұрын, мұрынға апаратынын қайдан білсін?! Баласы аузы мен мұрынын шатастырып алды ма дегені ғой.
Ардақ Жаңбыршы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




