Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2014
- 853
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған "Елбасы жолы" киноэпопеясының төртінші бөлімі түсіріліп бітті.
"Партком хатшысы" ("Секретарь парткома") деп аталатын фильмде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің партия басшысы ретінде қызмет атқарған өмір жолдары баяндалады.
Төртінші сериядағы оқиғалар өткен ғасырдың 70-ші жылдары өтеді. Сол кезеңде болашақ мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы қызметін атқарған еді. Фильмде сонымен қатар Н.Назарбаевтың отбасына көп көңіл бөлінген.
Түсірілім жұмыстары Қарағанды облысында, Мәскеуде жүргізілген. Фильмге қазақстандық актерлермен қатар, Валентин Гафт, Владимир Стеклов, Ксения Раппопорт, Евгений Сидихин, Евгений Стычкин сынды ресейлік әртістер де қатысты. Жоба режиссері - Рүстем Әбдірашев.
"Партком хатшысы" 2014 жылы желтоқсанда экранға жол тартады деп жоспарланған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




