Қоғам
Жамбыл облысында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2019
- 219
Жамбыл облысында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
Өрттер мен олрадың салдарынан адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізу облыстың тұрғын үй секторында өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу мен оларды болдырмауға бағытталған үгіттеу-насихаттау жұмыстарын атқарып отырады.
2019 жылдың 15 тамызында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарымен 26 тамызбен 26 қыркүйек аралығында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жоспары бекітілді, жоспар шеңберінде Департамент қызметкерлерімен тұрғындарды өрт қауіпсізгі шаралары бойынша оқыту және өртті алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады, бұл жұмыс баспа беттерінде мақалалар жариялау, жергілікті теледидар және радио арнасы арқылы хабарламалар беру, кино, теле және бейнефильмдер көрстеуді ұйымдастыру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде конференциялар, нұсқаулықтар, кеңестер беру, тақырыптық лекциялар оқу, интерактивті сабақтар жүргізу, конкурстар мен викториналлар өткізу және ашық есік күнін ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.
Өртті алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт насихат іс шараларын жоспарлы, біркелкі және жүйелі түрде тереңдету арқылы және де бала бақша мен мектеп қабырғасынан бастап жүргізуді жандандыру азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін артыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейуге мүмкіндік береді.
Құрметті облыс тұрғындары, азаматтық қорғау қызметкерлері арнайы киіммен және қызметтік куәлігін көрсете отырып, тұрғын үй секторларында аралау жұмыстарын жүргізетіндігіне Сіздердің назарларыңызды аударамыз. Туындаған сұрақтар бойынша Департаменттің сенім телефоны - 45-57-20 нөміріне хабарласа аласыздар.
Жамбыл облысы ТЖД зілзалалардың
қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау
саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
азаматтық қорғау майоры Арман Смайлов
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді