Мәдениет
«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2014
- 596
«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауында қазақстандық 10 жасар әнші жүлделі орын иеленді
Балалар арасында өткізілген «Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Мұхаммедәлі Жүгінісов үшінші орын алды. 10 жасар әнші Сейдолла Бәйтерековтың әйгілі «Әлия» әнін орындап, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Игорь Крутой бастаған қазылар алқасына ресейлік және әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары Филипп Киркоров, Лев Лещенко, Нюша және Алессандро Сафина кірді. Кәсіби мамандардан басқа қатысушылардың өнерін балалардың ата-аналары да бағалады. Олардың қойған бағалары бас төрешілердің баллдарына қосылды.
Мұхаммедәлі «Аялаған Астана» фестивалінде жеңіп, жасөспірімдер арасында өткізілетін ең үлкен музыкалық конкурс - «Жаңа толқын-2014» жарысында ел абыройын қорғауға мүмкіндік алған болатын, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.
Жас орындаушының вокалдан ең алғашқы ұстазы анасы - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, әкесі - продюсер, ал ағасы Рүстем Жүгінісов қазақстандық «Х-фактор» шоуының қатысушысы.
Айта кетейік, жас өнерпаздар арасындағы бұл халықаралық байқау жыл сайын Қырым қаласының «Артек» балалар лагерінде өткізіледі. Биыл онда әлемнің 11 мемлекетінен: Қазақстан, Ресей, Украина, Армения, Израиль, Румыния, Италия, Молдова, Беларусь, Латвия және Грузиядан келген 17 талапты жас өрен бақтарын сынады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




