«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс
ашық дереккөз
Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс
Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық пен сатқындық танытуы. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жие бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметте жүрген адамға үлкен сенімді орнықтыру басты мәнге ие.  Сондықтан, әрдайым мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен жеке басының тәртібі талап етіліп, баға берілуі қажет. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Осыған орай әкімшілік сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы  заңы аясында тиісті іс-шаралары ұдайы ұйымдастырып келеді. Атап айтқанда: жыл бойы  сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру жөнінде бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинар сабақтары өткізіледі; Өз қатарымызда құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында әкімшілік соттың басшылығымен күнделікті жұмыс алдында соттың мамандарымен нұсқаулық жүргізіледі; әр қызметкермен профилактикалық әңгіме өткізіледі; Әкімшілік соттың ғимаратының қабырғасында төрағаның азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген.  «Сенім телефоны» жұмыс істеп тұр, азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік те орнатылған. Сондай-ақ соттың әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертіліп, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы” заңдары, «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің» нормалары бойынша және басқа да заңдарды білуі талап етіліп, қызметкерлерге қатысты тұрақты түрде талдау жасалады. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.     Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының аға сот приставы Д.Арапов

Ұқсас жаңалықтар