Ұлы абай полицейлерге де жыр оқыт ты
Жамбылдық полицейлер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқау ұйымдастырды.
Ұлы тұлғаның шығармашылығын, асыл мұраларын насихаттау, ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, тағылымын жастардың санасына сіңіруді көздеген ҚАПБ-ның 18 қызметкері өзара бақ сынады. Алғаш сөз алған департамент басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Б.Бегалиев, ІІО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Арқабаев, «Рухани жаңғыру» жобалық офис директорының орынбасары Қ.Бекжан, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова қазылық етті.
Шара соңында оларға шешім шығару оңайға түспеді. Өйткені қатысушылар Абай атамыздың қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқап, көрермен көзайымына айналды. Сондықтан барлық үміткер Алғыс хат пен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Тартысты өткен жарыста жүлделі 3-орынды Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай иеленсе, 2-орын ПД Жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетоваға бұйырды. Ал қатарынан оқ бойы озық шыққан Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторы Руслан Мұсаев үздік деп танылды.
Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді