Темір жол саласы – тәуелсіз еліміздің өндірістік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі. «Қазақстан темір жолы» АҚ» Ұлттық компаниясы бүгінде жүздеген мың адамды жұмыспен қамтып, көлік-логистика жүйесі мен темір жол машиналарын жасау саласының дамуына сүбелі үлес қосуда. Сондай-ақ қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, олардың кәсіби және жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы жағдай жасау да компанияның басымды бағыттарының бірі болып отыр. Яғни қайырымдылық шараларының да бел ортасынан табылуда. Бұрнағы күні жамбылдық теміржолшылар өздерінің кәсіби мерекелерін айрықша салтанатпен атап өтті. Мерекенің биылғы ерекшелігі, бұған дейінгідей ашық аспан астында өтпей, жақында ғана күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта пайдаланылуға берілген мәжіліс залында ұйымдастырылды. Салтанатты шарада «Қазақстан темір жолы ЖТ» АҚ – ЖТ-Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков сала мамандарын құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Ал бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров биыл 80 жылдығы атап өткелі отырған Жамбыл облысының тарихында талай саңлақ теміржолшылардың қолтаңба-ізі барын ерекше атап өтті. Жамбыл бөлімшесінің зейнеткерлері Қапай Айдархановқа, Мұхаметқұл Дәулетбековке, Жамбыл жол дистанциясының ардагері Қырғызбай Ибраимовқа, Жамбыл сигнал беру және байланыс дистанциясының ардагерлері Бауыржан Найманбаевқа, Баймұханбет Сәлібаевқа, Тараз локомотив жөндеу депосының ардагері Қазбек Терлікбаевқа «Облысқа еңбегі сіңгені үшін» төсбелгісі осы салтанат үстінде табыс етілді. Ал Жамбыл жол дистанциясының монтері Жұмабек Каликулов «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Бұл күні бірқатар сала мамандары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрілігінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Кәсіподақтар ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңында облыстық филармония өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік шара «Түркісіб» мейрамханасының аумағына тігілген киіз үйлер қалашығында жалғасты. Осында теміржолшылар үшін спорттық шаралар ұйымдастырылып, балаларға арнайы атрокциондар тегін қызмет көрсетті.
Ерман Әбдиев
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді