«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Басты мақсат – Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Басты мақсат – Құқық бұзушылыққа жол бермеу
ашық дереккөз
Басты мақсат – Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік істі қарау және айыппұл салу өкілеттігі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 722-бабында көрсетілген. Яғни 207-бап бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін 10-нан 100-ге дейін, қайталанған жағдайда 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға 50-ден 100-ге дейінгі АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Қайталанған жағдайда, шағын кәсіпкерлік нысандарына немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсіпкерлік нысандарына – 400, ірі кәсіпорындарға – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу белгіленген. Таратып айтсақ, 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15-тен 20-ға дейін, ірі кәсіпкерлерге 200 АЕК шегінде айыппұл салынады. Ал 267-бап бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай міндеттемелерді қабылдау бойынша мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу белгіленген. Сондай-ақ департамент тарапынан Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сот арқылы заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 811-бабына сәйкес қысқартылған тәртіпте қаралуы мүмкін. Бұл норма 7 тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50 пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Онда хаттаманы толтырған уәкілетті тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі түбіртекпен тапсырады. Мұндай құқық пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни департамент тарапынан Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады. 2018 жылдың I жартыжылдығында департамент 172 әкімшілік іс қараған. Биылғы бірінші жартыжылдықта департамент тарапынан 744 әкімшілік материал қаралып (оның ішінде прокуратура органдарының ұсыныстары, тексеру комиссияларының және ішкі аудит қызметтерінің материалдары бойынша), оның 128-і сотқа берілді, яғни 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әкімшілік істер 4,3 есеге өскені байқалады. Департамент қызметкерлері күшімен қаралған 616 әкімшілік іс бойынша 50,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 38,3 миллион теңгесі бюджет кірісіне қайтарылды. Әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қаржы қызметкерлері өз қызметінде заңнама ережелері мен нормалары бойынша жұмыстарды қатаң жүргізуі қажет.

Жансұлу НҮРПЕЙІСОВА, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері.

Ұқсас жаңалықтар