«Талаптың» – қиярына сұраныс мол

«Талаптың» –  қиярына  сұраныс мол
ашық дереккөз
«Талаптың» – қиярына сұраныс мол

Ауданда жылыжайлардың санын арттыру мeн жаңа түрлерін көбeйту бағытында біршама істeр атқарылуда. Солардың бірі әрі бірегейі – Дихан ауылдық округінде орналасқан «Талап» шаруа қожалығының иелігіндегі аумағы 2,5 гектар болатын жылыжай. Жобаның жалпы құны – 255 миллион теңге.

4

Өнім өндірудің жылдық жалпы көлемі 125 миллион теңгенің 500 тонна көкөнісін құрайды. Ауылшаруашылығының білікті маманы, «Талап» шаруа қожалығының басшысы Мауыт Әскербекұлын жылыжайда жолықтырдық. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ол біздің келген мақсатымызды білген соң жылыжайда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырды. – «Мұндағы жылыжай кешенін Оңтүстік Кореялық «JD AQRO» компаниясы ұсынып отыр. Кешен қабырғасына қолданылып отырған құрылғылар асбестті құбырлардан жасалған. Барлық үйшіктер үш қабатты пленка жабындылармен жабылған. Сондай-ақ, жылыжай кешені толығымен газдандырылып, жарықпен қамтамасыз етілген. Жылу жүйесі де қазіргі заманауи үлгіде орнатылса, әр кешенге үш жылыту қазандықтан тиесілі. Осынша аумақта тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Құрылғы оңтүстіккореялық технология. Су жинайтын бөшкелердің әрбірінің сыйымдылығы бес тоннаны құраса, тыңайтқыш салатын бөшкенің сыйымдылығы бір тонна. Жалпы, жылыжай аумағында осындай құрылғылар бес жерге орнатылды. – Бүгінгі таңда жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу үстінде. Әзірге бір гектардай аумаққа қияр мен бір үйшікке сынақ ретінде қызанақ өсіріп, алғашқы өнімдерін жинап жатқан жайымыз бар. Бүгінгі күнге дейін сексен тоннаға жуық қияр жинадық. Сапалы өнімге сұраныс та мол. Арысы Тараз қаласы мен берісі өзіміздің Сарыкемердегі сауда үйлері, дүкендер сұранысын қанағаттандырып отырмыз, – дейді Мауыт Әскербекұлы.

Мұхтар Манекеев, журналист.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар