Үстіміздегі жылдың 13-14 шілде күндері елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында жамбылдық шаруалар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Осыған орай облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам тауар өндірушілері елордаға тауарларын жеткізген еді. Олардың қатысуымен ел астанасы айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені алаңында өткен іс-шара барысында жамбылдық тауар өндірушілер тарапынан жалпы құны 110,6 миллион теңгені құрайтын 230,6 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Оның ішінде жылқы, сиыр, қой және тауық еті – 30, шұжық – 5, сүт өнімдері – 19, кондитерлік тағамдар – 1,5, макарон өнімдері – 5, қант – 15, тұз – 0,5, балық – 5, өсімдік майы – 6, бал – 2,5, кептірілген жеміс – 2, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері – 142,1 тонна, жұмыртқа 5 мың дана. Жәрмеңке барысында тауарлар нарықтағыдан 20 пайызға төмен бағада өткерілді. Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін азық-түлік өнімдерін мейлінше қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Жәрмеңке өтетін аумақта ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылумен бірге Жамбыл өңірінің мәдениеті мен дәстүрі насихатталып, өңір көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. – Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы қолжетімді болды. Өнімдері де сапалы екен. Осы күн жамбылдық шаруалардан қой етін сатып алдым. Сондай-ақ әулиеаталық өнерпаздардың өнерін де тамашаладық, – дейді Нұр-Сұлтан тұрғыны Ерболат Барлықов.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




