Қорағаты ауылдық өңір әкімдігінің Қарақыстақ таулы аймағынан «Көкқия» алтын өндіру кен орны ашылды. Бұған дейін бір жарым жыл бойы «GOLDENKOMPAS» Жамбыл жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен шығатын аймақты барлау, жол және өндірістік, әлеуметтік құрылыс нысандарын салумен айналысып келді. Кен орнын игеруге жоба бойынша 8 миллиард теңге қаражат бөлінбек. Алдағы қыркүйек айынан бастап алтын өндіру өзінің толық өндірістік қуатында істейді. Мамандардың болжамы бойынша 1 тонна кеннен 1-3 грамм таза алтын өндіру көзделуде. Қазір кен орнында 125 адам вахтамен еңбек етеді. Олардың жартысына жуығы жергілікті тұрғындар.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол».
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




