Басты жаңалық
Математика бойынша ең атақты Филдс сыйлығын алғаш рет әйел алды
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2014
- 609
Математика бойынша ең атақты Филдс сыйлығын алғаш рет әйел алды
Математика бойынша әлемдегі ең танымал (атағы Нобель сыйлығымен пара-пар) Филдс сыйлығын 78 жылдық тарихында алғаш рет әйел адам еншіледі.
Оның есімі – Мириам Мирзахани. Иранда туған. 2008 жылдан бері Стэнфорд универ-ситетінде (АҚШ, Калифорния) сабақ береді. Профессор. «Филдс» 4 жылда бір рет 40 жасқа дейінгі ғалымдарға берілетін математика ғылымының ең жоғарғы сыйлығы. Оның жүлдесі 15 мың Канада долларын құрайды (1 Канада доллары - 0,92 АҚШ долларына тең). Жеңімпаз өзінің бұл жеңісі жас ғалым қыздарды қуаттандырып, ғылымға деген қызығушылығын арттыра түседі деп сенім артатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




