Ардагерлердің алғысы мол
2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен «ЕХРО – 2017» көрмесі өткені белгілі. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан әлемдік шарадан өңіріміздің бір топ белсенді ардагерлері де тыс қалмаған еді. Сонда барған жерлестеріміз облысымыздың мәдени күндеріне де қатысып қайтқан болатын. Дүниежүзінің назарын өзіне аударған халықаралық шараны тамашалаған осы сәттер аға буынға үлкен әсер қалдырды.
Қариялар бірінші күні алдымен қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне барып, батырдың рухына тағзым етті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті. Келесі кезекте «Хан шатыр» ғимараты маңына орналасқан «Тараз – тарихтың алтын діңгегі» атты көрмені тамашалады. Бұдан бөлек киелі шаһардан шыққан «Көне Тараздан – асқақ Астанаға» этнографиялық керуенді қарсы алу шараларына қатысты. Елорданың символына айналған «Бәйтеректен» бастап, шаһардың көптеген көрікті жерлерін көрді. ЕХРО қалашығын армансыз аралаған алдыңғы толқынның есінен ол сәттер еш уақытта өшпек емес.
Еліміздің бүгінгі көркейген келбетін көзбен көріп қайтқан жамбылдық ардагерлердің сол бір үш күндік сапардан көтеріңкі көңіл-күймен оралғаны әлі есте.
Кейін білдік, көрмені 3 миллион адам тамашалапты. Солардың қатарын толықтырғанымыз біз үшін бір мақтаныш.
Алдияр ТҮСІПОВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Жайлы мектептердің құрылыс барысын тексерді
- 10 қыркүйек, 2024
Аймақта 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді
- 3 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді