Күтіп тұр әлі Риода алтын
(Еркін күрестен Лондон олимпиадасының
қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа)
Зынданда қалса, кешегі зарым,
Батпандай бүгін бес елі бағым.
Әлемге кеше танытып кеттің,
Алаштың әнін, қазақтың барын!
Көтерсең көтер, жер-көкке нарды,
Лондонға бәрі жеңбекке барды.
Алдыңда сенің әлем үздігі,
Шахиннің өзі еңбектеп қалды!
Еңсере білдің еңістің бәрін,
Сондықтан болар, келісті бағың.
Жаратқан енді татуға жазсын,
Жемістің дәмін, жеңістің дәмін.
Тағдыр ма мынау боп алған қыршын?
Сәттер сағым ғой... тоналған тылсым...
Ақжүрек болып, аттанып сынға,
Жаужүрек болып оралған ұлсың!
Ұлының білсе ұяда парқын,
Жаманаттарға қия ма халқым?
Жеңеді Ақжүрек, себебі оны,
– Күтіп тұр әлі Риода алтын!!!
Табиғат Абаилдаев.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




