«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Орынбай отыз жылдан бері таңқурай өсіреді

Орынбай отыз жылдан бері таңқурай өсіреді
ашық дереккөз
Орынбай отыз жылдан бері таңқурай өсіреді

Бірінші бағыт.

Халықтың табысын арттыру. Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуіміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін Экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз.

(Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті  қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінен)

одан бөлек бір үйір жылқы, екі отар қойы бар. Ал алма, алмұрт  сияқты тағы басқа жеміс ағаштарының түрі 100-ден асады

Т.Рысқұлов ауданындағы Абай ауылының тұрғыны Орынбай Бекназаров 30 жылдан бері үй ауласындағы 25 сотық жерді тиімді пайдаланып, таңқурай өсірумен айналысып келеді. Әрине, ол бұл кәсіпке бірден араласып кете қойған жоқ. Құрылыс саласының маманы көптеген жобаларды жасап, денсаулығына мән бермеген еді. Күнделікті қағазбен жұмыс жасаған ол артық салмақ жинап, денесі толыса береді. Бұл туралы Орынбай аға былай деп еске алады.

– Жас кезімнен спорттың бірқатар түрімен айналыстым. Институт бітіріп, қызметке араласқан соң автокөлікпен жүріп, жұмысбастылықтан қимыл-қозғалыс азайып, аз уақыт ішінде семіріп кеттім. Үйленген соң байқаймын, еріншектік меңдеп барады. Бірде бірнеше күнге таудағы туыстардың үйіне қымыз ішіп, демалуға бардық. Туысым (әйелімнің ағасы) аңшы еді. Аң аулап, таудың басына шығуды ұйғардық. Мен де қуанып кеттім. Себебі мергендігім бар еді. Бірден шыңды бетке алып құз тастардың арасымен жоғары өрледік. Біздер үш адам болатынбыз, бәріміздің асынған мылтықтарымыз бар. 2-3 шақырымды артқа тастап, жоғары өрлеген сайын менің тынысым тартылып, алқына бастадым. Үстімді де тер жуып кетті. Ал ағаларым құз-тастарға тау ешкідей секіріп, ұзап кетіп, мен жеткенше күтіп қалады. Тер деген үстімнен суша сорғалады. Не артқа, не алға жүрерімді білмей әбден састым. Аяғым дір-дір етеді. Содан әрең дегенде тау басына шықтық. Ағаларым тауешкі атып алды. Таудың құз тастарынан түсу, шығудан қиын екен. Етекке әрең жеттім. Келген соң ауырдым. Сөйтіп, қимыл-қозғалыссыз өмір сүруге болмайтындығын түсіндім. Таңертең тұрып жүгіріп те көрдім. Бұрыннан айналысқан спорт түрлерін де қолданып бақтым. Ешбірінен көмек болмады. Жан-жақты ізденіп, денсаулық журналдарын оқып, артық салмақтан, күйзелістен, қан қысымынан арылудың бірден-бір жолы – жеміс-жидек, көкөніс өсіру деп түйдім. Сөйтіп бірден осы кәсіпті бастап кеттім. Алдымен бақшама алма, алмұрт ектім. Алманың маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларында пісетін сұрыптарын өсірдім. Ондағы ойым жылына 6-7 ай дастарқаннан жеміс үзбеу еді. Қызанақ, қияр, басқа да көкөністерді жыл – он екі ай тұтынамыз ғой, – деді ол. Жеміс-жидектен бөлек сарымсақ та өсіріпті. Бәрінен де денсаулыққа таңқурай зор пайдасын тигізетінін журналдардан оқып, білген Орынбай аға жаңа кәсіптің қыр-сырын жан-жақты зерттеп барып, ден қояды. Оның мол өнім беретін «Техас» сұрпын тауып, бақшасына отырғызады. Американдық таңқурайдың бұл түрін бақшасына өсірген ол бірнеше жылда оның түбін 1500-ге жеткізеді. Таңқурайдың бұл сортының әр түбінен 3-5 келі өнім алынады екен. Сөйтіп жылына 20-25 сотық жерден 2-3 тонна өнім жинап, 3 миллион теңгеге дейін табыс тауып отыр. Таңқурайды қайда өткізем деген уайым жоқ. Өйткені тапсырыс берушілер үйінен килолап өздері әкетуде. Алғаш оны өсірген жылы Орынбай аға 80 мың теңге тауыпты. Жыл сайын пайдасын еселеген ол 25 сотық жердің 5 сотығына қора-жай салып, мал ұстап отыр. Жалпы таңқурай егіп жұмыс бастағалы жағдайлары да түзеліпті. Өзінің «Кемел» шаруа қожалығын құрып, жылқы басын бір үйірге, қой басын екі отарға жеткізіпті. Бірақ осынша малды баптап, бағып отырса да қожалық жетекшісі таңқурай өсіруден танбай келеді. Оны спорттың таптырмас бірден-бір ғажап түріне жатқызады. – Таңқурай жемісін жинау нағыз дене жаттығуына жатады. Мысалы, 1 литр банкада шамамен 1000 таңқурай дәні болады. Сонда әр өнімді еңкейіп теру қаншама қимылды керек етеді. Одан басқа қырқу, суару, шөбін жұлу, байлау сияқты әрекеттер бар. Мұның балаларымды, немерелерімді еңбекке тәрбиелеуде мәні үлкен. Әрі үйге әжептәуір қаражаттық көмек. Алма, алмұрттың сұрыптары, барлық жеміс ағаштары 100-ден асады. Жеміс-жидек ойлы-қырлы жерлердің бәріне егілген. Ал таңқурайлардың бір өзі 20-25 метрден 60 арық немесе шамамен 0,03 га жерді алып жатыр. Бізде кәдеге аспайтын 1 шаршы метр жер жоқ. Айналасын жеміс-жидек көмкерген үйіміз көз қызықтырады, шаттандырады, демалтады. Сөзбен айтып жеткізу қиын. Ал піскен жеміс салбырап, иіліп жаныңды жадыратады. Оның қан тамырларының жақсы жұмыс істеуіне көмектесетінін медициналық-профилактикалық білімді жоғарылатудың, ізденістің арқасында білдім. Кеңестік уақытта қызметте жүрген кезде жұмысты ұйымдастыру күйзеліс береді екен. Себебі құрылыс өне бойы ойдағыдай бола бермейді. Сағат 10-11-де көзім қызарып, қан қысымым көтерілетін (ол кезде бәрін білмедім де, байқамадым да, түсінбедім де) қолыма экзема шыға бастаған. Медициналық, профилактикалық түсініктің арқасында көк шайды қалай қолдандым солай экзема кетіп қалды. Көк шайдың қан тамырларға, атеросклероз ауруларына, холестеринді төмендетуге әсері керемет. Ал таңқураймен айналысқалы семіздіктен, қан қысымынан арылдым. Пайғамбар жасына келсем де таңқурайды өзім күтіп-баптап өсірудемін, – деді Орынбай Көшкінұлы. Оның отбасы жылда 200 келі тосап жауып алады екен. Артылғанын елге сатып, пайда тауып отыр. Ал кәсіпкер 1 шаршы метрден 1000 теңге табуға болатынын алға тартуда. Яғни осынша жерге 2 шелек қи төгіп, таңқурай егіп, 2-3 шелек су құйып тұрса, ол жер міндетті түрде еңбектенген адамға мол өнім сыйлары анық. «Мұны мүмкіндігі шектеулі адам да істей алады. Тек ниет болса болғаны», – дейді ол. Оның тәрбиелеген ұл-қыздары да еңбекқор болып өскен. Ұлдары мен қыздары жоғары оқу орындарында сабақ беруде. Ал бүгінде өзі меңгерген кәсіпке немерелерін баулып жүр.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар