Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ғимаратында облыс орманшыларының семинар-кеңесі өтті. Оған облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшылары, мекемеге қарасты аудандардағы 14 орман шаруашылығының басшылары, орынбасарлары мен инженерлері, аң танушы мамандары және төтенше жағдайлар департаменті басқармасы басшысының орынбасары Қанат Дәрімқұлов қатысты.Жиынды облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов ашып, орман қорын өрттен қорғау, күзету, жануарлар дүниесін қорғау мен олардың санын арттыру, балық шаруашылығы және тұқымбақты (питомник) дамыту жайында сөз етті. Бұдан соң облыстық басқарманың бөлім басшысы Сапарбек Сыдықов, өңіріміз бойынша «Казавиалесохрана» РМҚК-нің әуе бөлімшесінің басшысы Талғат Әлиев, аудандардағы орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары өз салалары бойынша биылғы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Семинардың келесі бөлімінде Көктерек орман шаруашылығы мекемесінің гаражындағы техникалар мен өрт сөндіру жасағына арналған бөлменің жабдықталуы, жасақтың киімдері, құралдары тексерілді. Бөлімнің дайындығы туралы басқарма басшысына мекеме басшысы Бақыт Серібаев баяндап берді. Түстен кейін жиынға қатысушылар мекеме қызметкерлерінің биылғы жылы А.Назарбеков ауылының тұсына отырғызған алма бағымен танысты. Ерекше күтімге алынған бақтағы жеміс ағаштары жапырақ жайып, тамырланып үлгерген екен. Осыдан соң Ақтөбе қалашығындағы кордон бекетінде орналастырылған өрт сөндіру штабының базасымен танысып, Мойынқұм, Көктерек орман шарушылықтарының өрт сөндіру жасақтарының дала өрті кезіндегі оны сөндіру әрекеттерін бақылады. Қорытындысында басқарма басшысы Нұржан Нұржігітов көктеректік орманшылар мен өрт сөндіру жасақтарының жұмыстарына жоғары баға берді.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ, журналист.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




