Жаңалықтар
Балықты құтқарғысы келген ит барлығын таңқалдырды (ВИДЕО)
- author «Ақ жол»
- 15 тамыз, 2014
- 816
Балықты құтқарғысы келген ит барлығын таңқалдырды (ВИДЕО)
«YouTube» әлеуметтік желісінде жағада жатқан балықтарды құтқарғысы келгендей әрекет жасап жүрген ит туралы бейнеролик көпшілікке ұнап, оны 3 күннің ішінде жарты миллионнан астам адам тамашалаған.
Видео Тайландтың Петчабури қаласында түсірілген. Онда жағадағы балықтарға «мейірімді ит» тұмсығымен су шашып, араша түседі. Бұл бейнебаянды көрушілер иттің жасаған жақсылығына таңданып, сан түрлі пікір жазған.
Кейбірі осындай жанашырлық адамдар арасында болса, әлем түзелер ме еді десе, кейбірі ит өз олжасын көмуге асығып жатқан дейді. Мұны әлеуметтік желілерде талқылағандардың дені «Ит құрлы болмадық па?» деген сынды пікірлер қалдырған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




