Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде негізгі он бағытты айқындап берді. Президентіміз жетінші бағытта өңірлерді дамытудың жаңа бағдарын жасауға мән бере отырып: «Біздің қағидамыз баршаңызға мәлім: Қуатты аймақтар – Қуатты Қазақстан құру», – дей келіп, аймақтарда қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып шешуді міндеттеді. Жалпы, бүгінгі таңда біздің алдыға қойып отырған басты стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ қазіргі таңда көлік-логистикасын және басқа да қызмет көрсету секторларын ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керектігіне баса мән беріп отыр. Өңірімізде жолаушы тасымалымен 29 жеке кәсіпкер ұзақ жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Олардың еншісіндегі 1324 автобус 202 бағытта халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушылар соңғы жылдары автобус парктерін жаңартуға елеулі көңіл бөліп келеді. Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын саны 100 адамнан асатын 355 елді мекеннің 330-ын, яғни 93 пайызын қоғамдық көлік қатынасымен қамту көзделген болатын. Жыл қорытындысымен жоспар 0,2 пайызға артығымен орындалды. Биыл бұл көрсеткішті 96 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ал тиісті межеге жету үшін қосымша 10 елді мекенді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында – 6, төртінші тоқсанында 4 елді мекенді қоғамдық көлік қатынасымен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облысымызда 1 автобекет, 10 автостанса және 3 жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 1 автобекет, 3 автостанса және 1 пункт Тараз қаласында салынады. Ал 6 автостанса Мойынқұм, Байзақ, Сарысу, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, 2 жолаушыларға қызмет көрсету пункті Жуалы және Қордай аудандарында орналастырылмақ. Жеке инвестициялар тарту арқылы Таразда – 2, Жамбыл мен Талас аудандарында бір-бірден осындай пункт салу жоспарлануда. Сонымен биылғы жылдың қорытындысы бойынша барлық аудан орталықтарында автобекет, автостанса және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді деп міндеттелініп отыр. Қазіргі таңда қаламыздағы қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесін енгізу бойынша 7 компания қаржылық ұсыныстарын берді. Соның ішінде «Орталық диспетчерлік қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиімді шарттар ұсынып отыр (Қаржыландыруды толық қайтару мерзімі – 3 жыл, яғни жылына қайтарым үлесі 5 пайыз, өзге компаниялар 10 пайыз ұсынып отыр). Бұл серіктестік ұсынып отырған құрылғылар мен оны орнатуға кәсіпкерлер тарапынан төртжақты өзара ынтымақтастық меморандумы әзірленді. Қалалық жолаушы бағыттарындағы тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көліктердің жүру кестесін, жылдамдықтың сақталуын бақылап отыру үшін автобустардың барлығына навигациялық бақылау жүйесі (GPS) енгізілген. Сондай-ақ тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық автобустың бағыттарын бақылап отыруға арналған «Taraz-bus» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Сонымен бірге қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне де көңіл бөлінуде. Айталық өткен жылы «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қоғамдық көлік құралдарының жүргізушілері жасаған түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 7905 әкімшілік хаттама толтырылған. Ал автобекет маңындағы заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою мақсатында облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен қалалық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 100-ден астам рейд ұйымдастырылды. Тексеріс барысында 2000-нан астам жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар автобекет маңайынан өтетін қалалық қоғамдық көліктердің бағыты сызбасына өзгерістер енгізілді. Аялдаманың орны ішке ауыстырылып, автобекеттің ішкі ауласы арқылы жүргізілді (бұрын жол бойынан түскен жолаушылар кездейсоқ жолай тоқтаған автокөліктермен заңсыз түрде тасымалданған). Бұл бағыттағы жұмыстар осымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта да елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, заңсыз тасымалдың жолын кесу бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді