Тынымсыз еңбектің жемісі
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай облыстық сотта облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен бірқатар сот қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Онда облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмахаммат Абидов сот саласы жөнінде, оның ашықтығы және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жайлы әңгімелеп, журналистерді төл мерекелерімен құттықтады.
Облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарын, сот саласындағы маңызды қоғамдық-саяси жаңалықтар мен оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жедел әрі нақты түрде жариялап, кеңінен насихаттауда зор үлес қосып, белсенділік танытқаны үшін облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрімнің Алғыс хатымен облыстық «Знамя труда» газетінің бөлім редакторы Көкен Оршабеков, «Aq jol» газетінің «Жарнама» менеджері Амангелді Әбіл, «Жамбыл» телеарнасының шеф-редакторы Найымбек Бағбанов және қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Толғанай Атабай марапатталды. Журналистерге Алғыс хатпен бірге сыйлықтар табыс етілді. Мұндай марапатқа Жамбыл аудандық сотының төрағасы Досжан Төленбеков, бас маман Ардан Бекболатов және Мойынқұм аудандық сотының бас маманы Меруерт Назарқұлова да ие болды.
Журналистер атынан К.Оршабеков сөз алып, облыстық сот басшылығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да облыстық сотпен тығыз байланыста жұмыс істейтіндерін жеткізді.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді