«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жер қойнауын заңсыз пайдалануға тыйым салынады

Жер қойнауын заңсыз  пайдалануға тыйым салынады
ашық дереккөз
Жер қойнауын заңсыз пайдалануға тыйым салынады
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлесіп дайындаған «2018-2019 жылдарға арналған жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесу» жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жоспардың аясында облыста экология департаменті мен ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі арасында тиісті жоспар бекітіліп, мобильдік топ құрылды. Бүгінгі күні бұл топ өңіріміздің он ауданында (Сарысу, Талас, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, және Мойынқұм аудандарында) жер қойнауы кенін заңсыз өндіріп жатқан 35 тұлғаны анықтап отыр. Ол кен орындарының электрондық картасы жасалып, жер қойнауын заңсыз пайдаланып келген тұлғалар жауапқа тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 139-бабына сәйкес 7 жеке тұлғаға 1 322 750 теңге, ал кодекстің 140-бабына сәйкес 30 заңды тұлғаға 3 174 600 теңге әкімшілік айыппұл салынып отыр. Биыл 5 ай ішінде Сарысу, Талас, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ және Жамбыл аудандарында жергілікті полиция бөлімдерімен бірлесе жүргізілген рейд барысында 6 жер қойнауын заңсыз игеру фактісі тіркелді. ҚР ӘҚБтК-тің 139-бабына сәйкес 6 табиғат пайдаланушы 883750 теңге айыппұл арқалады. Қазіргі таңда салынған айыппұл толық өндірілді. Ал Мойынқұм ауданында жүргізілген рейд барысында жер қойнауын рұқсатсыз қазып жатқан 13 жеке тұлға ұсталды. Бұдан бөлек 3 кәсіпкерге жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны, мемлекетке келтірілген залалы үшін 966725 теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңсыз қазылатын орлардың ең көп тіркелген аумақтар қатарына Тараз қаласын, Жамбыл, Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Мойынқұм, Байзақ аудандарын жатқызуға болады. Ондағы Талас, Аса, Меркі, Шу өзендері бойынан және Бурыл, Аққұм тағы басқа тау қыраттарынан құм мен шағал, шақпақтасты өндіру тыйылмай отыр. Осыған сәйкес департамент тарапынан облыс деңгейінде рейдтер бұдан кейін де тұрақты ұйымдастырылады. Табиғат пайдаланушыларды заң бұзушылықтарға жол бермеуге, қоршаған ортаға аяушылықпен қарауға шақырамыз. Серік НҰРБАЕВ, облыс бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар