«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Онлайн-кітапханада – өңір қаламгерлерінің еңбектері

Онлайн-кітапханада –  өңір қаламгерлерінің еңбектері
ашық дереккөз
Онлайн-кітапханада – өңір қаламгерлерінің еңбектері
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Nur Оtan» партиясының бастамасымен партия және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасын жүзеге асыруды қолға алғаны белгілі. Бұл – «WikiBilim» қоғамдық қорының ғаламтордағы қазақ тіліндегі контентті дамытуға арналған жобасы. Жоба қазақ әдебиеті мен ғылымының, өнерінің сан саладағы шығармашылық жәдігерлерін авторлық құқықтарды сақтай отырып бір жерге жинақтап, насихаттауды көздейді. Creative Commons лицензияларының негізінде қызмет ететін еліміздегі тұңғыш интернет-қор да осы. Бүгінде іске асырылып жатқан басқа әлеуметтік маңызды бастамалармен қатар «Қазақстанның ашық кітапханасы» (онлайн-кітапхана) қорын толықтыру ісі де айрықша маңызға ие партиялық жоба мәртебесіне ие болып отыр. Атап өтерлігі сол, онлайн-кітапханаға өңірімізден шыққан ақын-жазушылар Арғынбай Бекбосын, Күләш Ахметова, Пернебай Дүйсенбин, Көсемәлі Сәттібайұлы, Шырын Мамасерікова, Дәметкен Ахметова, Аяз Бетбаев, Болат Бекжан, Сәулембай Әбсадықұлы, Баймаханбет Ахметтің прозалық және поэзиялық кітаптары енгізілген. Олардың қатарында, сондай-ақ ғалымдар Мекемтас Мырзахметов, Сәмен Құлбарақ, Сейдахан Бақторазав, Меңдібай Әбілев, басқа да бірқатар жамбылдық авторлардың тарихи-танымдық еңбектері бар. Адина ИСАТАЙ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар