Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне жыл сайынғы Жолдауларында ерекше көңіл бөліп келеді. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құрылғыларын жаңарту, жаңасын салу бағытында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша қазір әуелі су құбыры тартылатын елді мекен аумағындағы жерасты суларына іздестіру, барлау жүргізіледі. Оның санитарлық талапқа сай және қоры жеткілікті болуына ерекше көңіл бөлінеді. Су құрылғыларын салушыларға рұқсат геологиялық барлау жүргізілгеннен кейін, жерасты су қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия және аймақаралық департаменттің мемлекеттік сараптама нәтижесі негізіндегі өкілетті органдардың хаттамасы бойынша беріледі. Жерасты су қоры туралы мемлекеттік сараптама негізінде құрылыстың және елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жарақтандыру жобалары жасалады. «Южказнедро» геология комитеті аймақаралық департаментінің «Даму стратегиясын» орындау және басқа да құзырлы органдардың тапсырмасы бойынша Оңтүстік өңірдегі елді мекендердің жерасты суы қорын және пайдалану уақыты өткен су көздерінің қорын қайта бағалау жүргізілуде. Облысымызда 2013 жылы Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласын сумен қамтамасыз ету үшін Бүркітті және Талас ауданы Қаратау қаласындағы Тамды су көздеріндегі жерасты су қоры жоғары өнеркәсіптік санатта қайта бекітілді. Іздестіру-барлау жұмысы нәтижесінде 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 46 елді мекенде су қорын пайдалану С1 санаты бойынша бекітілді. Үстіміздегі жылы іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша 29 елді мекенде жерасты су қорын С1 санатымен бекіту көзделуде. Олардың арасында Шу ауданында – Далақайнар, Қонаев (Бірлік), Шоқпар, Қордай ауданында – Ауқатты, Сортөбе, Бетқайнар, Меркі ауданында – Сармолдаев, Кеңес, Гвардейск, Т. Рысқұлов ауданында – Қорағаты, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Мойынқұм ауданында – Сарыөзек, Қарабөгет (Ақбақай), Жуалы ауданында – Тоғызтарау, Көлтоған, Күреңбел, Шақпақата, Қарасаз, Байзақ ауданында – Құмжота, Байзақ, Еңбек (Сеңкібай), Жамбыл ауданында – Жалпақтөбе, Тастөбе, Пригородный, Айша бибі, Сарысу ауданында – Игілік, Ақтоғай, Талас ауданында – Майтөбе және Қасқабұлақ ауылдары бар. Үстіміздегі жылы жерасты су қорының пайдалану қорын қайта бағалау мақсатында Көпбұлақ, Фурманов және Михайлов су көздерінде барлауға дейінгі жұмыс басталды. Сондай-ақ, 40 елді мекенде 2015 жылдың соңына дейін жерасты су қорын бекіту жүргізіледі. Биыл үш су көзіндегі жерасты су қорын қайта бағалаудың және 28 елді мекенді жерасты суы қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлаудың жобалық-сметалық құжаты әзірленеді. Барлауға дейінгі жұмыс Меркі, Шу-Новотроицк және Георгиевка су көздерінде жүргізіледі. Жуалы ауданындағы Түктібай, Жаңаталап, Ақтөбе, Алатау, Кәріқорған, Қоңыртөбе, Рысбек батыр, Күркіреусу, Жаңаөткел, Диқан, Талапты, Қосбөлтек, Ынтымақ, Бәйтерек, Ертай, Т. Дүйсебайұлы, Байзақ ауданында – Талас, Көктал, Көкбастау, Қостөбе, Жамбыл ауданында – Қаракемер, Шоқай, Өрнек, Қордай ауданында – Үлкен сұлутөр, Ноғайбай, Шу ауданында – Бөлтірік, Жиембет және Еңбекші ауылдарын жерасты су қорымен қамтамасыз ету үшін іздестіру, барлау жұмысы жүргізіледі. Жоғарыдағы жұмыстарды геологиялық-барлауды ұйымдастыруда мол тәжірибесі және білікті мамандары бар мердігерлер жүргізеді. Олардың арасында «Алматы гидрогеология», «КазГИДЕК» ЖШС, «ИАЦ» ПВХ РМК, «Казгеология» АҚ, «ПК Геотерм», «Компания Геоинвест», «Арасан» және «Казгидробурпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Жоғарыдағы мекемелер Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өткізген мемлекеттік сатып алудағы электрондық конкурстарда ұдайы жеңімпаз болып келеді.
Сабырхан Әлімбетов, Жамбыл аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді