Кәріз құдықтарының қақпақтары қолды болған ба?

Кәріз құдықтарының қақпақтары қолды болған ба?
ашық дереккөз
Кәріз құдықтарының қақпақтары қолды болған ба?
Күнде көріп жүрген таныс жағдай. Әлде көзіміз үйреніп, етіміз өліп кеткен бе? Көп қабатты тұрғын үйлердің, жатақханалардың жанындағы кәріз құдықтарының көбісінің қақпағы жоқ. Ауыздары апандай үңірейіп жатыр. Мұндай «апандардың» салдарынан қала тұрғындары зардап шегіп, майып болуы мүмкін. Атап айтқанда, Байзақ батыр көшесіндегі үлкен айналманың тұсында және «Нан» комбинатының маңындағы кәріз құдықтарында қақпақ жоқ. Сүлейменов көшесі, №6 үйдің артқы жағынан да осындай келеңсіздікті фотоға түсіріп алдық. Жауапты адамдардың құлақтарына алтын сырға. Кәріз құдықтарының қақпағы жабылмай, әлі қанша уақыт жатар екен?!

Ұқсас жаңалықтар